Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қосшыңырауда құрылыс қарқынды

18.09.2023, 15:30 416

HALYQLINE.KZ

Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Ауылдық округте құрылыс жұмыстары қарқынды. Бастысы, тұрғындар Абай, Досан елді мекендеріне 662,7 млн теңгеге газ құбыры тартылып, қыс мезгілінде от жағу мәселесі шешімін табатынын қуанышпен қабылдауда.

Бүгінде Қосшыңырау ауылдық округінде республикалық және облыстық бюджет есебінен 1 млрд 168,1 млн теңгенің жұмыстары атқарылуда. Нақтыласақ, ауылдық округтегі 16 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен 195,5 млн теңге қаралған.

Досан ауылындағы Елеусінов көшесіне тротуар салу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 42,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Абаттандыруға республикалық бюджеттен бөлінген 79,1 млн теңгеге ауылға кіреберіс автокөлік жолының бойына жарық бағаналарын орналастыруда.

Досан ауылының 12 көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 93,3 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, Досан елді мекеніне медициналық бекет құрылысын салуға республикалық бюджеттен 41,2 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Кездесуде қала әкімі әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәселелер оң шешімін табатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: