Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде сақталды

24.04.2026, 16:25 46

Қазақстанда базалық мөлшерлеме деңгейі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Банкі.

Реттеуші шешіміне сәйкес, базалық мөлшерлеме жылдық 18,0% деңгейінде сақталды, ал дәліз ±1 пайыздық тармақ шегінде белгіленді. Мұндай шешім инфляция қарқынының баяулауына байланысты қабылданған. 2026 жылдың наурыз айында жылдық инфляция 11,0%-ға дейін төмендеді, ал бір ай бұрын бұл көрсеткіш 11,7% болған.

Ұлттық банк мәліметінше, бағаның төмендеуі барлық негізгі санаттарда байқалған. Атап айтқанда, азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер бағасының өсімі баяулаған. Бұған қатаң ақша-несие саясаты, ұлттық валютаның нығаюы, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және үкіметтің бағаны ұстап тұру шаралары әсер еткен.

Сонымен қатар, айлық инфляция 0,6%-ға дейін төмендегеніне қарамастан, қазіргі көрсеткіштер әлі де 5% деңгейіндегі мақсатты межеден жоғары. Бұл экономикада инфляциялық қысымның сақталып отырғанын білдіреді.

Фото: STEPPE телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: