Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалының құрылысы қарқынды

07.02.2022, 10:15 436

HALYQLINE.KZ

Кәукейде  клуб  бой  көтереді

Кәукей – аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекеннің бірі. «Қуанышты бөліссең, көбейеді» деген қағида бар. Осы жолы ауыл тұрғындары үшін жағымды естілетін жаңалықты жеткізуді жөн санадық.

Кәукей ауылындағы ескі клубтың ахуалы баршаны көптен бері толғандырып жүрген еді. Апаттық жағдайда тұрғанына көп уақыт болған мәдениет ошағы дала перзенттерінің ренішін туындатып келгені ешкімге жасырын емес. Енді осынау түйткілдің түйіні тарқатылатын мезгіл де қыр астында. Ағымдағы жылы Кәукейде клуб ғимараты салынады деп күтілуде.

Облыстық бюджеттен 100 орындық ауылдық клуб құрылысын бастау үшін 10 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталды. Конкурс жеңімпазы болып «SСS Инжиниринг» ЖШС танылды.

Ауданда  қос  бірдей  балабақша  салынады

Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасы 2012 жылдан бастап апаттық жағдайда деп танылған. Аталмыш балабақшаның орнына жаңадан 140 орындық балабақша салу үшін облыстық бюджеттен 473,9 млн теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Бозкөл ауылынан 90 орындық балабақша құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 319,3 млн теңге қаржы қаралды.

Нақты кезеңде сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Жеңімпаз мекеме анықталған соң балабақша құрылыстары басталатын болады.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: