Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарапайым ғана шеге шығарудың тетігін таба алмай отырып, инфляцияны қалайша ауыздықтамақпыз?

10.06.2026, 9:15 71

HALYQLINE.KZ

«Мәселен, бұған дейін бізде «Қарапайым заттар экономикасы» деген бағдарлама жүзеге асуы керек еді. Басқасын айтпағанда, осы бағдарламаны үкімет сауатты жүргізе алғанда Қытайдан тым құрығанда ине-жіп, шеге, кесе, қасық тәрізді ұсақ-түйектерді сатып алмайтын едік. Амал нешік, отандық өндірісі артта қалған ел ретінде біз бүгінде шиеттей нәрсенің өзін өзге елден алуға мәжбүрміз. Сонда, қарапайым ғана шеге шығарудың тетігін таба алмай отырып, инфляцияны қалайша ауыздықтамақпыз? Қымбатшылықтың импортпен ілесіп келетінін үкіметтің ұғынатын кезі әлдеқашан жетті емес пе? Сондықтан осы мәселені реттеп алмай, бізге алдағы уақытта инфляцияны 6-7 пайыздық деңгейге түсіреміз деу – бос мақтан».

Тоғжан  ШАЯХМЕТОВА,

қаржыгер.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен)

Фото: politico.kz (Максим Золотухин)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: