Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы банктің активі нарықтан екі есе жылдам өсті

30.09.2026, 9:54 19

Қазақстан банктерінің активтері рекордтық 75,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері банк секторы 6,9 пайыз өссе, Отбасы банктің активтері 16,8 пайыз ұлғайған. Яғни оның өсу қарқыны нарықтағы орташа көрсеткіштен екі еседен де жоғары.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, елдегі банк активтерінің 89 пайызы он ірі қаржы ұйымына тиесілі. Олардың жиынтық активі 67,1 трлн теңгеге жеткен.

Өсім қарқыны бойынша Отбасы банк алға шықты. Оның активтері жыл басынан бері 873,1 млрд теңгеге көбейіп, 6,1 трлн теңгеге жетті. Несие портфелі де 540,9 млрд теңгеге ұлғайып, 4,6 трлн теңге болған. 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі небәрі 0,1 пайыз. Банк секторындағы орташа көрсеткіш – 4,12 пайыз.

Freedom Bank активтерін 14,9 пайыз өсіріп, 3 трлн теңгеге жеткізген. Kaspi Bank-тің активтері 11,1 пайыз көбейіп, 10,5 трлн теңге болды. Алайда Kaspi Bank-те 90 күннен астам кешіктірілген несиелердің үлесі 6,82 пайызға жеткен.

Ал Еуразиялық банктің активтері 7,7 пайыз, Bereke Bank-те 3,1 пайыз, Alatau City Bank-те 0,5 пайыз қысқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: