Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста 17 мыңнан астам гектар күріш орылған

11.09.2020, 14:30 515

HALYQLINE.KZ Облыста бүгінгі күнге дейін 17 548 гектар күріш орылды. Оның 10 425 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 47,8 центнерден өнім алынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тлеулеева баяндады.

«Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілді. 67,5 мың гектар егіс тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделді. Жанар-жағармайдан мәселе жоқ. Егін жинау жұмыстарына 1640 дана трактор, 843 дана комбайн, 458 дана жатка, 308 дана жүк көлігі және 764 дана трактор тіркемесі қатысуда», – деді Айнұр Маратқызы.

Айта кетейік, Сыр салысы 89,5 мың гектарға егілген. Егін жинау жұмыстары 15 қазанда аяқталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: