Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нарықтық бағам әлсіреді

06.08.2020, 10:20 461

HALYQLINE.KZ Сауда-саттық қорытындысы бойынша 31 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (414,09-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 24-31 шілде аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы 0-0,25% деңгейінде сақтап қалды. ФРЖ басшысы ОБ ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатындығы және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланылатындығы туралы мәлімдеді. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Д.Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылғы 2-тоқсанда көрсеткішті есептеу басталған кезден бастап АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикасының аса қатты құлдырағаны көрінді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы нашар макроэкономикалық деректер салдарынан АҚШ долларының әлсіреуі аясында 0,2%-ға (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығыстардың өсуінен бюджет тапшылығы қатарынан үшінші айда да рекордтық деңгейде тұр.
  • Индонезия рупиясы 0,1%-ға нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен ІЖӨ-ден 4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді;
  • Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда 5,55 млрд долларды (талдаушылардың $1,55 млрд күтуі кезінде) құрады.
  • үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, өз қалпын сақтап қалды.
  • түрік лирасы 1,8%-ға әлсіреді. ОБ жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.
  • Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға әлсіреді.
  • Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубль қаражатының шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға төмен түсті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: