Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұнай бағасы қайта көтеріліп келе жатыр

14.09.2026, 9:00 55

Әлемдік мұнай бағасы қайта өсті. Апта энергетика нарығындағы қымбаттаумен басталды.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,69 пайызға көтеріліп, баррелі 107,42 долларға жетті. Америкалық WTI мұнайы 2,73 пайызға қымбаттап, баррелі 102,78 доллар болды. Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 103,70 долларға дейін өсті. 

Мұнай бағасының қымбаттауына Сауд Арабиясындағы стратегиялық маңызды Шығыс-Батыс құбырының тоқтатылуы әсер еткен. Эр-Рияд пен Медина аймақтарындағы шабуылдардан кейін тәулігіне шамамен 7 млн баррель мұнай өткізе алатын құбыр жабылды. 

Бұған дейін Brent мұнайы барреліне 100 доллардан асып, нарықта бағаның күрт өсуі байқалған еді. Сонымен қатар Иран президенті Масуд Пезешкян АҚШ тарапынан блокада мен шабуылдар тоқтатылған жағдайда Ормуз бұғазын қайта ашуға дайын екенін мәлімдеген. 

Осылайша, Таяу Шығыстағы ахуал мұнай нарығындағы негізгі факторлардың біріне айналып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: