Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мамин: Қызылорда артта қалып келеді

05.05.2020, 10:02 418 0

HALYQLINE.KZ –| Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 6,5 мыңнан аса инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген, олар әлеуметтік объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, суару және ирригациялық жүйелерді, тұрғын үй-коммуналдық объектілерін жөндеу мен салуға, елді мекендерді абаттандыруға қатысты. Осының арқасында 255 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет сағатында айтылды.

Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн  220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған, оның ішінде 235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Премьер-Министр Үкімет үшін бүгінгі таңда басты басымдық тұрғындардың жұмысын сақтау екенін атап өтті. Бұл ретте жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар, инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасын қалпына келтіруде жақсы нәтиже береді.

Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жобаларды іске қосуды бастау қарқыны жақсы екенін атап өтті. Қызылорда облысы, Алматы және Шымкент қалалары артта қалып келеді.

Өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық жобаларды толық іске асыруды бастауды, оның ішінде отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің негізгі көлемінің отандық болуын тапсырамын. Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс, – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді, ал Еңбек министрлігіне Жұмыспен қамтудың жол картасының, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты жұмысқа орналастыру тұрғысынан басқа да мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: