Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күре жолмен жүру шығын ба?

16.02.2021, 12:40 498

HALYQLINE.KZ Еліміздегі ақылы автомобиль жолдарының қолданыстағы 4 учаскесінен бюджетке 5,7 млрд теңге түседі деп болжанып отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің келесідей ақылы күре жолдары жұмыс істей бастады:

«Нұр-Сұлтан-Щучинск» (211 км) – 1,67 млрд теңге;
«Нұр-Сұлтан-Теміртау» (134 км) – 1,91 млрд теңге;
«Алматы-Қорғас» (295 км) – 1,03 млрд теңге;
«Алматы-Қапшағай» (42 км) – 1,12 млрд теңге.

Бұдан бөлек, биыл бірінші тоқсанның соңына дейін төлем өндіру жүйесі республикалық маңызы бар жолдардың 5,8 мың шақырымына енгізілмек. 2025 жылға қарай ақылы жолдардың қатарына тағы 5,2 мың шақырым жол қосылмақ. Осылайша Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырым болады.

Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақылы жолдар өз шығынын өзі өтемек. Демек бұл автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін мемлекет бюджетінен қаржыландыруға қажеттілік болмайды. Бұдан бөлек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға да сеп болғанын айту керек. Мәселен, қазірге дейін 1200 қазақстандық екі қолға бір күрек тауып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: