Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электр энергиясының бағасы өсті

29.09.2020, 9:16 564

HALYQLINE.KZ

Тамыз айында облыстағы 3 энергиямен жабдықтау ұйымы уәкілетті органға электр энергиясының бағасын өсіру жөнінде ұсыныс білдірді. Басты себеп ретінде 1 шілдеден бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясының құны артқандығын айтқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова айтты.

– «Энергосервис» еншілес ЖШС энергиямен жабдықтау қызметінің бағасын 13 пайызға арттыруды ұсынды. Алайда департаментпен жүргізілген экономикалық сараптама нәтижелері бойынша ұсынылған жобалық баға 6,1 пайызға дейін төмендетілді. Нақты тұрғындар үшін 5 пайызға баға 11 қыркүйектен бастап қымбаттады. Осыған ұқсас жұмыстар «Дәулетэнерго» және «Шиелі Жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бойынша да жүргізілді. Айта кетейін, бюджеттік мекемелер үшін 9, ал кәсіпкерлік нысандарға 6,1 пайызға электр энергиясы қымбаттады. Негізі электр энергиясының бағасы республика бойынша көтерілді. Өйткені, станциялар бағаны өсірген, – деді департамент басшысы.

Жалпы, департамент мамандары жыл басынан бері заңнаманы сақтамаған субъектілерге 28 нұсқама беріп, 100,8 млн теңге айыппұл салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: