Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу мәселесі қайта қаралуда

16.06.2026, 15:00 67

Үкімет ең төменгі жалақыны қазіргі 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz.

Бастама халық табысын арттыруға арналған кешенді бағдарлама аясында талқыланып отыр. Дегенмен өзгерістің нақты мерзімі әзірге белгісіз. Үкімет өкілдерінің мәліметінше, өткен жылдың қорытынды статистикасы тамыз айының басында түгел шығады, нақты есептеулерді содан кейін ғана жүргізуге болады.

Бұған дейін Үкімет 2026 жылға ең төменгі жалақыны 85 мың теңге деңгейінде өзгеріссіз қалдырған еді, тек азаматтық қызметкерлер үшін оны 99 мың теңгеге дейін көтеру көзделген болатын. Сол кезде Қаржы министрлігі есеп бойынша көрсеткіш 90 мың теңге шамасында болуы тиіс екенін, бірақ қазіргі экономикалық ахуалды ескере отырып, оны бұрынғы деңгейде қалдыруды жөн көргенін түсіндірген.

Сарапшылар жалақы өсімінің тежелуін ең алдымен бюджет тапшылығымен байланыстырады. Айта кетейік, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы көбіне медианалық жалақының елу пайызына теңестіріледі. Ал Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында медианалық жалақы 331 мың теңгеден асқан, демек қазіргі ең төменгі жалақы бұл көрсеткіштің төрттен бірінен сәл-ақ асады. Сенат деңгейінде де ең төменгі жалақыны макроэкономикалық көрсеткішке емес, халықтың нақты күнкөріс деңгейіне қарай белгілеу қажеттігі айтылып жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: