Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автомобиль жолдары ақылы болуы мүмкін

20.08.2020, 16:30 633

Заң жобасын қабылдау 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында ҚР Үкіметіне берген тапсырмасы және 2019 жылғы 25 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бекіткен «Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы – Бақытты ел» жол картасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әуе тасымалдарды реттеу тиімділігін одан әрі арттыру бөлігіндегі 68-қадамы сияқты міндеттерді орындау қажеттілігіне байланысты болып отыр.

Заң жобасында:

– көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғаның тасымалдаушымен тікелей байланысынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;

– автомобиль жолдары мен инфрақұрылымның сақталуын арттыру;

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тұжырымдама мақұлданды.

– жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау қауіпсіздігін күшейту;

– әкімшілік кедергілерді азайту;

– цифрлық қызметтер сапасын жақсарту, құжаттардың қағаз нысандарын алып тастау;

– автомобиль жолдарының ақылы учаскелерін дамыту;

– жалпы елдің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту көзделген.

Заң жобасын іске асыру арқылы:

– көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып тастау;

– жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін күшейту;

– автожолдардың сақталуын арттыру, тасымалдаудың балама түрлерін дамыту;

– цифрлық қызметтердің сапасын жақсарту, құжаттардың қағаз нысандарын алып тастау;

– әкімшілік кедергілерді азайту, қашықтықтан бақылау нысанына көшу;

– ұлттық зияткерлік көлік жүйесін дамыту, тасымалдау қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– жолдарда тәуекелдерді бағалаудың объективті және ашық жүйесін құру;

– көлік саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

– автожолдардың ақылы учаскелерін дамыту;

– жалпы елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру сияқты оң әсерлер болуы тиіс. 

Аталған заң жобасы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: