Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагерлер шыны зауытының жұмысымен танысты

16.09.2026, 17:50 21

HALYQLINE.KZ

Ардагерлер «Қызылорда Саз-М» кешенінен кейін «Orda Glass Ltd» шыны зауытында болды. Бүгінгі күні Сыр өңірінде инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 37 миллиард теңгенің 21 жобасы сәтті жүзеге асса, 2025-2029 жылдарға арналған пул аясында 1 триллион 900 миллиард теңгенің 65 инвестициялық жобасын мақсатына жеткізу межеленіп отыр.

Мұнда жылына 197,1 мың тонна жоғары сапалы шыны өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттеріне белсенді түрде экспортталуда. Өндіріс ошағында отандық кадрлардың үлесін арттыру мен тәжірибе алмасу процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Өткен жылы зауыт ішінен заманауи құрылыс нарығында сұранысқа ие энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі сәтті іске қосылды.

Қытайлық инвестормен бірлесе отырып, екі кезеңнен тұратын жаңа инвестициялық жоба қолға алынды. Алғашқысы биыл жылына 200 мың тонна кварц құмын өңдейтін заманауи цех ашылады. Ал, 2028 жылы тәулігіне 500 тонна күн фотоэлектрлік шыны өндірісі іске қосылмақ.

Аралауда қала ардагерлері шаһардың экспорттық және индустриалды әлеуетін халықаралық деңгейге көтерген зауыттың бағытына бата арнап, қызметкерлердің қажырлы еңбегіне алғыстарын жаудырды.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: