Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

03.05.2026, 18:10 30

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Kyzylorda Refinery» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын 2000 жылы құрылған, ал 2009 жылдан бері тұрақты жұмыс істейді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде зауыттың негізгі қызметі – мұнай өңдеу. Мазут, пеш отыны және жеңіл дистиллят секілді өнім түрлері де шығарылады. Шикізат «Кен-Ай-Ойл Қызылорда», «Кристал Менеджмент» АҚ, «Галаз және компания» серіктестіктері арқылы жеткізіледі.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 мың тонна мұнай өңдеуге есептелген. Қазіргі уақытта өндірістік жүктеме – 50 мың тонна. Өнімдер Қазақстан, Қырғызстан және Ресей нарықтарына жөнелтіледі. Кәсіпорында 95 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бірінші тоқсан қорытындысымен 9,5 мың тонна мұнай өнімдері өндірілді. Алдағы бағыт – өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін әртараптандыру. Атап айтқанда, нафта (ауыр және жеңіл), еріткіштер, керосин және түрлі отын түрлерін шығару көзделген.

Сонымен қатар, кәсіпорын «К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіретін мұнай өңдеу зауыты» инвестициялық жобасын іске асыруды жоспарлаған. Жобаның жалпы құны – 22,9 млрд теңге, іске асыру мерзімі 2029 жылға белгіленген.

Бұл бастамалар өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканың тұрақты дамуына серпін береді.

Көрнекі фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: