Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалық – мәдениеттің белгісі

15.04.2024, 17:05 133

HALYQLINE.KZ

Шаһардың шырайлы болуы – тазалықтан. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. Бұл акция Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – Таза аймақ» атауымен жалғасын тапты.

Акцияның әр аптасы арнайы тақырыпқа сай негізделген. Экологиялық акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» тақырыбына арналды. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осыған сәйкес, 15 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымы Қызылорда қаласындағы «Қаламгерлер» аллеясында арнайы іс-шара ұйымдастырып, игі іске қолдау білдірді. Сонымен қатар, кітапханашылар Ә.Тәжібаевтың бюсті аумағы және Р.Бағланова ескерткішінің маңына тазарту жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарды. Бұл акцияға ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары және кітапхана ұжымы қатысып, қаланың таза болуына өз үлестерін қосты.

– Қазір елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы өтуде. Бұл игі іс-шара – әрбір қазақстандықтың басты парызы деп білемін. Себебі, әр азамат мемлекетті өз үйіндей таза ұстаса, еліміз де көркейіп, таза болады. Сондықтан, жүрген жерімізді ұқыптап ұстап, қаламыздың көркеюіне атсалысайық. Қазір Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы да осы қаладағы ескерткіштердің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, ағаш көшеттерін де егіп, көгалдандыру жұмысына белсенді қатысуда, – деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбаев.

Айта кетейік, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 5 апта көлемінде түрлі тақырыптарға сәйкес өтетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: