Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан»: Шиеліде ауқымды сенбілік өтті

16.05.2026, 21:50 18

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков экология мен санитарлық тазалық мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне ерекше мән беріп келеді. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі сенбілікке аудан орталығы мен барлық ауылдық округтің тұрғындары, дербес бөлім қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында көшелер мен саябақтар тазартылып, қоқыстар шығарылды, арамшөптер орылып, ағаштардың түптері әктелді. Сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени нысандардың аумақтарында әрлеу-сырлау жұмыстары атқарылып, аудан келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Мұндай игі іс-шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және өңірдің көркеюіне оң ықпал етуде.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, аудан тұрғындарын ортақ іске белсене атсалысуға шақыру жұмыстары жүргізіле береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: