Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелі ауданында абаттандыру мен тазалық жұмыстары жүйелі

13.05.2026, 17:05 53

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты саралады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аралау барысында кент аумағындағы орталық көшелердің тазалығы, санитарлық жағдайы, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті, жасыл желектерді отырғызу, гүлзарлар мен демалыс орындарын күтіп-ұстау, сондай-ақ ирригациялық және аяқ су жүйелерінің жай-күйі назарға алынды. Сонымен қатар, жол бойындағы ретсіз қоқыс орындарын жою, көше бойларын біріздендіру және қоғамдық орындардың эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Аудан әкімі көркейту-көгалдандыру жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы маңызды екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аудан басшысы Айтбай Жандарбеков тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің көркеюіне бір кісідей атсалысуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: