Қасым-Жомарт Тоқаев тазалықты Қазақстанның ұлттық брендіне айналдыру қажет екенін айтты.
Президенттің пікірінше, елдің таза әрі тартымды болуы тұрғындардың көңіл күйі мен тұрмыс сапасына әсер етеді. Қалалардың көркеюі туристік және инвестициялық тартымдылықты да арттырады.
— Қазақстанды қонақжай әрі қауіпсіз ел ретінде таниды. Енді осы артықшылықтарымызбен қоса, тазалықты да ұлттық брендке айналдыруымыз керек, — деді Мемлекет басшысы.
Ол «Таза Қазақстан» бастамасын тың идеялармен және креативті жобалармен толықтыруды ұсынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!