Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кім кінәлі?

03.12.2020, 9:30 512

Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзені.

Сурет Ғани Назарбектің әлеуметтік парақшасынан алынды. (26.11.2020ж)

Әлеуметтік желі беттерін ақтарып отырғанымда, бір қызық постқа (авторы белгісіз) кезіктім. Бастан-аяқ оқып шығып, терең ойға шомып кеттім. Еліміздегі өзекті оқиға­ларды  автор  өзгеше  тұстан қарап, ойын  ашық  айтқан  екен. Бұл мәселеге, әсіресе, жастардың қатысы көп. Ойнаға­н жерін ойрандайтындарға көзіміз үйреніп те кеткен­. Осы тұрғыда көпке ой салып, жастарға пайдасы тиер деп осы пікірді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Оқып шығып, керегін­  алыңыздар.

Өзім шетелде тұрамын. Бірде отбасыммен анамның үйіне, отаныма оралдым. Жақындарымды жинап, табиғат аясында кәуап дайындап, көңіл көтергім келді. Анамның үйінің жанында өзен бар еді. Жан-жағы жап-жасыл жазық дала. Бала кезімде сол жерде ойнағанды, шөптердің балғын­ хош иісінен рақаттанып, суға шомылғанды жақсы көре­тінмін. Өзге елге көшіп кеткелі сағына бірінші рет оралуым еді. Алайда айналадағы өзгеріске қарап жағамды ұстадым. Жасыл алаң қара жерге айналған. Жан-жағымыздың барлығы «сорланып», пластик қоқыстардан көрінбейді. Сүйікті мекенімдегі бұл көріністі көріп, қатты ашуландым. Іздеп жүріп қоқысы аз жерді әзер таптық. Жан-жағымыздағы қоқысты тазалап, жайғасып отырдық. Кәуап өте дәмді болыпты. Дегенмен, менің сүйікті пейзажымның қазіргі бейнесі кеудемді өртеп барады. Барлығы бірдей – лас, аянышты… Өзен бұлдырлап кеткен, бетін­де қоқыстар қалқып жүр. Суға түсуге батылым жетпеді.

Әуел бастан-ақ жақында­рыма қоқыс тастамауын бұйырдым. Барлығын арнайы қоржын­ға жинайтын болып келістік. Соңын­да біздің демалған же­рімізден ешқандай қоқыс қал­мауын өзім қадағаладым. Демалыс орнын­а айналған жердің қазіргі жағдайы көңіл күйімді түсіріп тастады. Жүз метр жерде қоқыс контейнеріне неге апара салмайды деп шағымданып келемін. Кетуге қамданғанда әлгі қоқыс салынған қоржындарды ешкімнің қолынан байқамадым. Кімде екенін сұрай бастағанымда анам оны лақтырып жіберге­нін жеткізді. Жүгіріп барып:

– Қалай лақтырып жібер­діңіздер, қайда? – дедім.

– Қамыстың арасына. Не болыпт­ы? Барлығы сонда лақтырады емес пе? Біз «крайнийміз» ба? – деді анам.

Өзімді қатты сөздер айтып қоймайын деп әзер ұстадым. Қоқысты қамыстың арасынан шығару мүмкін болмай қалған. Дегенмен, өзім үшін «ұлы» шындықты аштым. Олар – жырық жолға, жарықсыз фонарларға, сасық өзен, қылмыскер билікке, аз жалақы мен зейнетақыға лайық­ты. Олардың өздеріне түкіргені бар. Олай болса, нелік­тен билік оларға түкірмеуі керек? Олар өзін сыйламаса, оларды кім сыйлауы керек?

Көшелерді қоқысқа толтырып, балалар алаңын бүлдіретін билік емес. Жарық шамдары мен тоқ сымдарын президент ұрламайды. Мен бұдан әрі сіздердің шағымдарыңызға сенбеймін. Отандастар, сіздер өздеріңізге арнап тозақ жасап алдыңыздар, енді сонда өмір сүріңіздер.

Вконтакте  әлеуметтік  желісі,

«Мозговой  Штурм»

парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: