Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдықтар тазалық акциясына үлес қосты

04.05.2024, 12:50 125

Бүгін ауданда қоршаған ортаның ластануын болдырмау, өлкеміздің табиғатын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық шарасы өткізілді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосқан аралдықтар төңіректің санитарлық жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Аудан көлемінде қызу жүргізілген шараға тұрғындар, мекеме ұжымдары, еріктілер қатысып, қала аумағын тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізді. Нәтижесінде қалаға кіре беріс аймақтар, әлеуметтік нысандардың айналасы мен орталық көшелердің бойы қоқыс қалдықтарынан тазартылды. Сондай-ақ, ағаш түбтері қопсытылып, әктеу-сырлау сынды бірлескен жұмыстар атқарылды.

Сенбілік жұмыстары қоғамның назарын тазалық сақтауға аудару мен әр аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуда маңызы зор. Аудан тұрғындарын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, өңір тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: