Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

21 тамызда бес облыста дауыл тұрады

20.08.2020, 17:30 800

HALYQLINE.KZ 21 тамызда күндіз Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 18 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 21 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 18 м/с жел тұрады. Дауылдың ықтималдығы 70-100%.

21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-100%.
21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-100%.
21 тамызда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-100%.
21 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-100%.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: