Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Достық жыры мен бірлік әні

01.05.2026, 21:25 35

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданында ерекше сән-салтанатпен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достық жыры мен бірлік әні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шаралар аясында этнос өкілдерінің мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.

Салтанатты жиында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар аудан басшысы ел бірлігін сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор екенін атап өтіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылығымыз. Бұл – Қазақстанды алға бастайтын қуатты күш» деген сөзін мысалға келтірді.

Мерекелік іс-шара одан әрі жергілікті өнерпаздар мен түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: