Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүркіт туралы 5 дерек

13.02.2022, 11:00 995

1. Алатауда ғана кездесетін бүркіттің «алабас» атты түрі аю алған екен. Кезінде Орта жүзде Қазыбек Би ұлына қыз айттырғанда жасаудың орнына осы бүркіттің балапаның сұратыпты. Кейінірек әлгі бүркіт Көкшетау жақта аю алыпты.

2. Бүркіттер де адам тәріздес. Алатаудың бүркіті өз ұясының маңындағы бүркітпен жұптаспайды және балапанын жақын маңға ұзатпайды. Халқымыздың руласына қыз ұзатпайтыны осы бүркіттерге ұқсаса керек?!

3. Қыран құс түтін иісіне шыдай алмайды. Самаурынды қайнатқан кезде, бүркіт жанында байлаулы тұрса, түтінге тұншығып өліп қалады. Тіпті, құс иесі де шылым шекпеуі, арақ ішпеуі тиіс. Әйтпесе, түтікпен иесінің аузынан су ішкен бүркіт, темекі, арақ дәмін сезсе, қырандық қасиетінен айырылады.

4. 1960 жылдары Қытайдан 200-дей адамды бастап келе жатқан Бағдат Мүптекеқызының Тоқтасын атасының «Сарыбауыр» атты бүркітін шекарадан бері қарай өткізбей қойыпты. Бүркітсіз елге келмеймін деген ақсақалдың жеке құжатынсыз бүтіндей бір ауыл елге өте алмайтыны анық. Не істемек керек? Сонда, «Сарыбауыр» бүркітке бір адамның құжатын рәсімдеп, елге өткізген екен.

5. «Алабас» тұқымдас бүркіттердің салмағы 12-15 келіге жеткен. Ал, кәдімгі дала бүркіттерінің салмағы 4-6 келі шамасында болады.

Қансонар журналынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: