Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірлігіміз жарасқан Қазақстан

01.05.2026, 21:35 38

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» тақырыбында орталық алаңда мерекелік іс-шара өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара барысында этно-мәдени орталықтар ұлттардың салт-дәстүрлері мен ұлттық тамақтарын назарға ұсынды және жас суретшілер көрмесі мен мәдени-спорттық көрмелер ұйымдастырылды. Аудан басшысы зиялы қауым өкілдерімен бірге этно-мәдени бірлестіктер көрмесін тамашалап, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызын ерекше атап өтті.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз өз жерінде тыныштық пен келісімде өмір сүруге болатынын дәлелдеген, өз тағдырын өзі шеше алатынына көптің көзін жеткізген, болашаққа нық қадам басқан біртұтас ұлтпыз. Осынау жолда еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін нығайтып, барлық қиындықты еңсеріп, мақсатымыздан айнымаймыз» деген болатын. Бір мүдде, бір мақсат жолында ынтымағы жарасқан еліміздің бірлігін сақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Мемлекет басшысының бастамасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыс орталығында этносаралық достық пен бірлікті дәріптеу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 3 млрд 800 млн теңгеге заманауи, сәулетті жаңа «Достық үйінің» ғимараты ел игілігіне табысталды. Барлық 7 ауданда 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият» орталықтары салынды. Орталықтардағы «Қоғамдық келісім» кабинеттері түрлі этнос өкілдерінің мәдени-рухани сабақтастығын сақтауға мүмкіндік беруде. Өңіріміздегі 30-дан астам түрлі этнос өкілдері аймағымыздың экономика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда. Бүгінде облыста 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізіп келеді. Ауданымызда 450-ден аса өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бірлік пен өзара құрметті нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азамат облыс әкімінің және аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, халықтардың ұлттық билерін орындады. Сондай-ақ, түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың бірлігін, достығын және мәдени ынтымақтастығын паш етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: