Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

12.05.2026, 11:35 29

Астанада 10 жылдан бері салынып келе жатқан LRT жобасы осы аптада іске қосылмақ. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебиев мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) нысандарындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек алғашқы жолаушылар мамыр айының соңына дейін LRT-мен жүре алатынын айтқан еді. Енді жобаның нақты іске қосылатын мерзімі белгілі болды.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебиев 12 мамыр күні өткен пресс-тур барысында:

«LRT осы аптада іске қосылады», – деді.

Еске салайық, астаналықтар LRT жобасының іске қосылуын 10 жылдан бері күтіп келеді. Бастапқы жоспар бойынша жерүсті метро Expo 2017 көрмесінің ашылуына дейін пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда жоба түрлі себептерге байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді.

Фото: Ulysmedia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: