Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас сарбазға «Айбын» ордені табысталды

01.08.2022, 9:30 318

HALYQLINE.KZ Жауынгерлік қызметін орындау кезінде адалдық танытып, жеке құрамды ұйымшылдықпен басқарып, қылмыскерлерді ұстау барысында қырағылық көрсеткен № 5547 әскери бөлімінің жасақ командирі, майор Мұхит Аманбаевқа ҚР Президенті Жарлығына сәйкес ІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас сарбазға құрмет көрсетіп, жанқиярлық көрсеткені үшін аймақ жұртының атынан ілтипатын білдірді.

«Бұл – жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін берілетін марапат», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі батырдың әкесі Қайрат Төлебекұлы мен анасы Бақытгүл Әкімбайқызына отаншыл, патриот азаматты тәрбиелеп өсіргендері үшін алғыс айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: