Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр айбыны» аймақ мерейін асқақтатты

22.06.2023, 13:43 282

HALYQLINE.KZ

17-23 маусым күндері Қарағанды облысының Спасск қаласында Астананың 25 жылдығы мен әскери-патриоттық тәрбие саласындағы халықаралық ынтамақтастықты нығайту мақсатында еліміздің барлық өңірінен және Әзірбайжан мен Өзбекстан әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен «Айбын – 2023» IX Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

«Сыр айбыны» командасы

Жыл сайын дәсүрлі түрде өткізілетін сайысқа Қызылорда облысының атынан «Сыр айбыны» құрама командасы қатысып, аймақ намысын қорғады. Бір аптаға жалғасқан жарыста қатысушы командалар зияткерлік, шығармашылық, өнертапқыштық және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен атап айтқанда, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау нормативтері бойынша өзара сынға түсті.

«Сыр айбыны» сайыс қорытындысында 20 команданың арасынан бірінші орын алып, өңіріміздің мерейін үстем етті.

Жас патриоттарды айтулы жеңістерімен құттықтап, толағай табыс тілейміз!

Сыр жастары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: