Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

СОБР әскері демалыс орнында талып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды

14.07.2026, 9:40 80

Алакөлде ЖҚАЖ қызметкері есінен танып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды, деп жазады halyqline.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеу жүргізіп жүрген Абай облысы ПД арнайы жасақ қызметкерлері демалыс базаларының бірінің маңында кенеттен есінен танып қалған жас жігітті байқаған. Оның жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындаған.

Жағдайдың шұғыл екенін ескерген ЖҚАЖ аға инспекторы Асланбек Абдельдинов уақыт оздырмай алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кәсіби әрі жедел әрекеттің нәтижесінде жігіттің тыныс алуы қалпына келді.

Одан кейін полиция капитаны жігітті қауіпсіз қалыпқа жатқызып, жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстады.

Осы уақытта арнайы бөлімшенің өзге қызметкерлері жедел жәрдем көлігін қарсы алып, медицина қызметкерлеріне оқиға орнына ең қысқа жолмен жетуге көмектесті.

Жас жігіт медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Фото: polisia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: