Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 700-ге жуық азамат әскерге аттанады

02.03.2022, 16:50 589

Биыл 1 наурыз бен 30 маусым аралығында 700-ге жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанады. Жас сарбаздар ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдерде өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков хабарлады.

– Әскерге шақыру науқанын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Комиссияларды қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Әскери қызметке аттанатын азаматтарға 1414 сервистік қызметінен SMS-хабарламалар жіберу арқылы шақырылатын болады. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жіберіледі, – деді Айдын Сағынбеков.

Айта кетейік, мемлекеттік органдармен жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыру мақсатында сарбаздардың несие мерзімін ұзартуға, белгіленген мерзімдегі қызметіне біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге, білім беру секторында жеңілдіктер беруге, отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдік жасау шаралары қарастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: