Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы жалғасуда

23.09.2022, 11:30 528

Бірлескен оқу-жаттығу мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша әкімшілік ғимарат басып алынып, облыста төтенше жағдай режим енгізілді. Полиция департаментінде комендатура қызметі ашылып, оның жұмысы ұйымдастырылды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб құрылды.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығу барысында құқық қорғау, арнайы органдар, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштері террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың ден қою және өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады.

Сондай-ақ Шекара қызметі әскери қызметшілерінің қатысуымен тактикалық оқу-жаттығу да өтті. Шекарашылар қылмыстық қудалаудан қашуға тырысатын қарулы топты іздеу, оларды оқшаулап, жою шараларын жүзеге асырды.

24 қыркүйекке дейін жалғасатын кешенді оқу-жаттығуға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның жедел топтары қатысатынын айта кету керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: