Қорғаныс министрлігінің комиссиясы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қызылорда облысындағы әскери нысандарда болып, Түркістан қаласына сапар шекті.
![](https://halyqline.kz/wp-content/uploads/2022/09/img-20220924-wa0003-1024x678.jpg)
Қызылордада қорғаныс ведомствосының басшысына әскери бөлімнің атқаратын міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктері, оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің барысы туралы баяндалды. Министр әскери инфрақұрылым нысандарының жағдайына ерекше назар аударып, штабтың жұмысымен, әскери қызметшілердің тамақтану жағдайымен танысты. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сондай-ақ жауынгерлік машиналар паркіндегі әскери техниканың жай-күйі мен оларды ұстау тәртібін, қаруды сақтау жағдайын тексерді.
![](https://halyqline.kz/wp-content/uploads/2022/09/img-20220924-wa0001-1024x682.jpg)
Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу алаңдарын аралап, олардың практикалық сабақтарға дайындығын да тексерді. Сапар соңында министр жеке құрамның жауынгерлік оқу сапасын арттыру, жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын жетілдіру, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқаулар берді.
![](https://halyqline.kz/wp-content/uploads/2022/09/img-20220924-wa0002-1024x678.jpg)
Түркістанда Қорғаныс министрі Халықаралық әуежай ғимараты мен «Түркістан» әскери секторын салуға жоспарланған аумақты аралап көріп, алдағы жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!