Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалқаның қалай, қазақ?

01.02.2024, 11:00 226

Әлемдегі ахуал өте қауіп­ті бағытқа жылжып бара­ды. Шығыс Еуропада соғыс (Украи­на-Ресей), Таяу Шы­ғыста ондаған жылдар бойы бітпейтін қақтығыстар мен қантөгіс­тер, соңғы уақытта оңтүстік-шығыс Азия айма­ғында да жағдай тұрақты емес. Тайуань үшін талас, Кимнің зымыран атуы, Қытайдың жаттығула­ры, Жапонияның әскери бағытқа өзгеріс жасауы бар. Үндістан-Пәкістан айма­ғын алып қарасақ, ол жақта да тыныштық қашты. Қысқасы, әлемде қақтығыс артты. Жаһан милитаристік саясатқа көшуде. Тұрақсыз геосаяси жағдайда елдің қауіпсіздігін сақтау және мемлекеттің тұ­тастығын қамтамасыз ету үшін бізге дипломатиялық келіссөздерден бөлек қуатты әскер қажет. Бұл заман талабы ғой.

Мықты әскер, біріншіден, мемлекеттік шекараның қорғалуы мен ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз етеді. Қуат­ты армия елге халық­аралық мәртебе береді. Бұл инвестиция тартуға, қолайлы экономика құру мен елдің жаһандық қауымдастықтағы позициясын нығайтуға кө­мектеседі. Әрі мықты әскер аймақтағы тұрақтылықтың кепілі бола алады. Ал бұның қаншалықты маңызды екеніне Украинада, Таулы Қарабақта болған қақтығастар кезінде көзіміз жетті. Сондықтан мықты әскерді жасақтау әрекетін тоқтатпау керек.

Былтыр «Батыл тойтарыс-2023»  жаттығуы өтті. Оған президент қатысты. Сол жаттығу барысында ол: «Бүгін­де әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгеріс­тер болып жатыр. Қазіргі ұрыс­тардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері  кең таралуда. Шабуылдар  әскери  ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап» дегенді айтты. Яғни қауіп-қатер тек әскери емес, сан салада бар деген сөз. Ақпараттық, саяси, экономикалық шабуылдар дегендей.

Әскери саланың дамуы технологиялық прогреске де әсер етеді. Қарап тұрсақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту – дамыған елдердің көбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Егер импорттық тәуелділіктен арылып, қажетті тауарларды өз елімізде шығаратын өндірістік цикл болса, әскеріміз жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен (бронетранспортерлер, ұшқышсыз ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары) тек отандық өндірушілер арқылы қамтамасыздандырылар еді. То­қаевтың жолдауында: «Мұның бәрін (бронетранспортерлер, ұшқышсыз ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары) біз өзімізде шығара аламыз және шығаруымыз керек. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет»  деді.

Ал енді осы айтылғанға байла­нысты, бізде қандай компаниялар жұмыс істеп жатыр екен деп бір шолып шықтым. Әскери техника шығаратын кәсіпорындар елімізде қазір ақырындап дамып келе жатыр. Мысалы, Defence Tech Center, Kazakhstan Paramount Engineering, «Орал зауыты Зенит» АҚ, «Research&Development Центр «Қазақ­стан инжиниринг» ЖШС және  т.б. дегендей.

Отандық компаниялардың бас­ты артықшылығы олар нақты сұранысты біліп, елдегі жағдайды үнемі бақылап отырады, сондықтан да қажеттіліктерді жабу ықтималдығы шетелдік компаниялармен салыс­тырғанда жоғары. Оның үстіне алда­ғы уақытта әскерімізді 100% отандық техникамен қамтамасыз етсек, несі жаман. Қазақстан әскерінің саны аса көп емес, сондықтан нақты тапсырыспен және мемлекеттік қолдаумен оны  жасауға  болар  еді.

Әлемге әйгілі Стокгольм бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI) мәліметінше, әлем бойынша қару-­жарақ шығарудан елдер көшін АҚШ, Ресей мен Франция сияқты елдер бастап тұр. Егер біз де өз әскерімізді толық жабдықтауға қауқарлы болсақ, экспортқа шығатын күннің де ауылы алыс емес. Ал бұл өз кезегінде экономикаға да оң әсерін тигізер еді. Жалпы, Қазақстанның бронды техникасын сатып алған елдер қазір де бар. Көбіне арнайы жасаққа алады.

Өткен жылдың соңындағы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесінде президент армияны жоғары технологиялық қару-­жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін, сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңызын атап өткен еді. Себебі әскери өнеркәсіп – жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылым мен жалпы экономикалық дамуға ықпал ететін маңызды экономикалық сегмент.

Бірақ жоспарларды қойып, бүгін­гі күнге оралсақ, қазір отандық өнеркәсіп әскерилерді техникамен толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бүгін біз әскерімізді жабдықтауда шетелдік компаниялармен бірлесе қызмет атқарудамыз. Мысалы, былтыр қазақстандық «Орал зауы­ты Зенит» АҚ түркиялық ASFAT және YDA Group компания­ларымен Қазақстан әскери-теңіз күштері үшін кемелер жасау туралы келісімге отырды. Келісімге сай Қазақ­стан Әскери-теңіз күштері үшін теңіз көліктері мен коммерция­лық кемелерден бастап жауынгерлік кеме­лерге дейін­гі түрлі платформа жобаланатын  болады.

Бұған дейін әскери техникамен жабдықтау бойынша басты серіктес Ресей болса, енді Түркиямен екі арадағы тасымал артып келеді. Мысалы, соңғы жылдары Түркия Қазақстанға SARP-DUAL конфигурациясында­ғы (RCWS) SARP жетілдірілген қашықтан басқарылатын шабуыл модулін, Otokar ұсынатын TULPAR және ARMA брондалған жауынгерлік машиналарын тасымалдап отыр. Anka-S ұшқышсыз ұшу құрал­дарын алу бойынша келісім жасалды. Соны­мен қатар еліміз Түркиямен бронетехника, оқ-дәрі, әскери киім мен  кемелерді бірлесе өндіру бойын­ша  да  ынтымақтастық  орнатқан.

Түріктердің әскери техникасының да, әскерінің де сапасы мен қуа­ты әлемдік дәрежеде мойындалғанын ескерсек, бұл өз кезегінде біздің әскерилердің де сапалы жабдық­талуына әсер етеді. Айтпақшы өткен жылы әлемдегі әскери қару сауда­сындағы үздік 100 компания қатарына Түркияның үш компаниясы кірген  екен.

Қорытындылай келгенде, әскер­дің дамуы мен нығаюы үшін жан-жақты жұмыс жүруі керек. Ол халық­аралық қызметтер, оқу-жаттығулар, әскери техниканың дамуы, өзге елдер­мен тәжірибе алмасу сияқты жолдармен  жүзеге  асады.

Бірақ қауіптің қашан, қай тұстан келерін нақты біле алмаймыз. Сондықтан үнемі дайын болып, кез келген сәтте елге қорған болатын мықты әскер қалыптастырсақ, елде­гі тұрақтылық пен аумақтық тұтас­тықты  нығайта  түсетіні  анық.

Асхат  ҚАСЕНҒАЛИ,

саясаттанушы

«Халықтың» коллажы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: