фото: ашық дереккөзден алынды
Масқара! 9 мамыр күні Алматыда «Бессмертный полк» шеруі өтеді екен! Атын «Батырларға тағзым» деп өзгертсе де оның саяси шовинистік мәні қаз қалпында. «Бессмертный полк», колорадо қоңызына ұқсаған георгиевская лента ешқашан Жеңіс күнінің атрибуттары болған емес. Мұның бәрі Ресейде 2000 жылдардан кейін ғана пайда болды. Бұл пәлені бізде үнемі рашистік пиғылын көрсетіп жүретін ұйғыр Мурат Абдушукуров деген ауған соғысының белсендісі ұйымдастырып жатыпты. Қалалық әкімшілік Орталық парктен Мәңгілік алауға дейінгі аралықта шерулеп өтуге рұқат беріпті.
Осы акцияны ойлап тапқан ресейлік Сергей Лапенков: «Біз «Бессмертный полк» атап жүрген, бір кезде соғысқа қатысқандардың немере-шөберелері қазір Украинада бір-бірін қырып жатыр. Майдангер бабаларымыз мұны білсе бізге қарғыс жаудырар еді», – дейді.
Қазақстан халқы саясиланып кеткен бұл акцияға мұқтаж емес. Қазақстанда тұратын украиндар, жалпы бейбітшілікті қалайтын ондаған ұлт өкілдері «Бессмертный полк» шеруінде орыс басқыншылығына қарсы соғыста өлген, Буча мен Ирпеньде қаза тапқан туыстарының суреттерін көтеріп шықса не болар еді.
Одақтас болса да бөтен мемлекеттің акциясында біздің не шаруамыз бар? Абдушукуров сияқтыларға неге жол беріледі?
«Бессмертный полк» шеруінде совет-герман соғысында өлген қазақстандықтарға бағыштап Құран оқылса ресейліктер қалай қабылдайды?
Біз кешегі совет-герман соғысында қаза тапқан ата-бабаларымызды құрметтеуге қарсы емеспіз. Біз бөтен мемлекеттің жеңіске қатысты символдарын пайдалануға қарсымыз! Бұл біздің менталитетімізге, дінімізге, ұлттық ерекшеліктерімізге мүлде жат!
Сондықтан сайқымазақ акция – «Бессмертный полк» шеруі тоқтатылсын!
Жазушы-публицист
Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!