Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауғандықтар жадымызда

15.02.2022, 17:50 361

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің курсанттары Ауған соғысы ардагерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Ауғанстан – біздің есімізде» деп аталатын шараға әскери-техникалық мектебінің басшылығы мен ұжымы, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов пен әскери-техникалық мектептің бас механигі Ауған соғысының ардагері Станислав Ким қатысты.

Кездесу ауған соғысында қаза тапқан жауынгер қандастарымызды бір минуттық еске алумен басталды. Ардагерлерді мерекелерімен құттықтаған Әскери-техникалық мектеп директоры Рахметулла Мұхамбетов оларды арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Курсанттар жекпе-жек ұрысы бойынша шеберліктерін көрсетті. Ардагерлерге арнайы дайындаған сыйлықтарын тапсырды.

 – Соғыстың аяқталғанына биыл 33 жыл. Біз осы соғыста қаза болған жауынгерлеріміз бен достарымызды жиі еске алып тұрамыз. Олардың жасаған ерліктері ешқашан ұмыт болмайды, – дейді ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: