Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери көлік құралдары легін сүйемелдеу қағидалары дайындалды

25.01.2023, 12:15 34

Әскери полиция бас басқармасы әскери көлік құралдары мен арнайы мақсаттағы көлік құралдары легін сүйемелдеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің, лектердің өтуі кезінде авкөлік жолдары мен көшелердегі жол қозғалысын реттеудің бірыңғай тәртібін белгілейтін қағидаларды қайта өңдеді.

Қағидаларда құрылымдық бөлімшелер бастықтарының өтінім беру тәртібі және оларды әскери полиция органдарында қарау, әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери полиция органдары лауазымды адамдарының іс-қимылдары, сондай-ақ алып жүруге жататын әскери көлік құралдары лектерінің құрамы айқындалған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме https: //legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382820 бойынша танысуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: