Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскери ардагерлерге құрмет көрсетілді

30.06.2021, 17:15 305

HALYQLINE.KZ Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Бұл іс-шара «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Мыңділда Ршауовтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің жеке құрамы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Жиын барысында гарнизон бастығы мен ұйымдастырушылар Қызылорда гарнизонының бірнеше ардагеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, ҚР ҚК Бас штабы бастығының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы алғыс хаттарын табыс етті.

– Ардагерлеріміз зейнетте жүрсе де, Қарулы Күштердің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып, әскери ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ардагерлерге құрмет көрсету – біздің және өскелең ұрпақтың міндеті, – дейді филиалдың төрағасы Мыңділда Ршауов.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: