Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ӘҚК бас қолбасшысы әскери бөлімдерді тексерді

30.05.2022, 18:20 654

HALYQLINE.KZ Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтың басшылығымен комиссия Талдықорған және Үштөбе гарнизондарына жұмыс сапарымен барды.

Комиссия құрамына ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы басқармасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының және әскерлер қызметі басқармасының офицерлері кірді. Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығымен Қарулы Күштерді реформалау жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер іске асырылуда. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыс сапары барысында негізгі назар жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне, әскерлерді техникалық жарақтандыруға, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуына, сондай-ақ диверсияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға аударылды.

Бас қолбасшымен қоймаларда оқ-дәрілерді сақтау жағдайлары тексерілді, әскери бөлімдер мен оларға іргелес елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы баяндаған әскери бөлімдердің командирлері тыңдалды. Әскери бөлімдерде авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов бөлімшелердегі тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен, сарбаздар тұрмысымен танысып, мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен сұхбат жүргізді. Бас қолбасшы офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен шешуді талап ететін әлеуметтік мәселелерді талқылады.

– Бүгінде Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қарқынды жауынгерлік дайындық жүргізуде, күрделі техниканы игеруде, жауынгерлік әзірліктің қажетті деңгейін ұстап тұр, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Тексеру нәтижелері бойынша командирлерге кеңестер мен бірқатар нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, оларға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау, құжаттаманы жүргізу мәселелері бойынша басшылық құжаттардың талаптарын сақтауға байланысты практикалық көмек көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: