«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Арал қаласының тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында заманауи үлгідегі Jinan Deyou A8S маркалы, көп функционалды тазалық көлігі іске қосылды.
Жаңа техника жол бойындағы шаң мен топырақты жай ғана сыпырып қоймай, оны арнайы контейнеріне автоматты түрде сорып алады. Көлік жан-жақты бағытта жоғары қысыммен су бүрку арқылы асфальт бетінің мүлтіксіз тазалығын қамтамасыз етеді. Техниканың басты ерекшеліктерінің бірі электр қуатымен (тоқпен) жұмыс істейтіндігі. Бұл қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың бөлінуін толықтай азайтады.
Қазіргі таңда бұл заманауи көлік Арал қаласының басты автокөлік жолдарын тазарту жұмыстарына белсенді түрде тартылып, коммуналдық қызметтің тиімділігін айтарлықтай арттыруда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!