Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аққұм мен Сазды ауылының тұрғындарымен кездесті

24.05.2023, 11:10 239

HALYQLINE.KZ Кеше Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Аққұм және Сазды ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті.

«Өздеріңіздің ауылдарыңызда электр желісін жаңарту үшін бүгінде жоба дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алдық. Бюджеттік өтінімі тапсырылды. Келесі жылға 6 елдімекен, оның ішінде Шижаға ауылы да бар, жұмыстары жүргізілетін болады. Биылғы жылы жарықтандыру бойынша да елдімекенге аудан бюджетінен 4,5 млн теңгеге бөлініп, мердігері анықталды. Жуық күндері бұл жұмыста жүзеге аспақ. Одан бөлек, 3,5 млн теңгеге ауылдың шет аймағына КТПН орнату жоспарланып отыр. Жол мәселесіне қатысты ауылға кіреберіс жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарыда басталды. 10 мың шаршы метрді құрайтын аудандық маңызы бар автожолдарға аудан бюджетінен 52,0 млн теңге бөлініп, соның ішінде Аққұм елдімекеніндегі 1000 шаршы метр жөндеуден өткізілмек», – деді Серік Сағитжанұлы.

Сондай-ақ, Шижаға елді мекеніне газ желісін тарту жоспарлы жұмыстардың бірі екендігін, Сексеуіл кентінен кейінгі ең бірінші кезекте осы ауылды көгілдір отынға қосу үшін құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жоба бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өткізіліп тұрғандығын, келесі жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылуы үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Бұдан бөлек, ауыл халқының өткен жылғы аудан әкіміне айтылған өтініші орындалып, демеушілік есебінен жаңа балабақша құрылысы басталған еді. Бүгінде 2 қабатты нысанның 1-ші қабатының құрылысы аяқталуға жақын. Балабақша 150 орынға арналған. Жеке кәсіпкер Б.Жандаулетов аудан басшысын қызу жұмыс барысымен таныстырып, биыл бүлдіршіндер жаңа ғимараттың игілігін көретінін жеткізді. Аудан әкімі бұл «Жеке инвестор есебінен салынған ең үлкен балабақшалардың бірі» екенін айтып, кәсіпкерге оң бағасын берді. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауылға денешынықтыру және сауықтыру кешенінің қажет екендігі айтылды. Аудан әкімі 3 ауылға спорт кешенін салу бойынша жоба әзірленгенін, оның біреуі Шижаға ауылына тиесілі болатындығын жеткізді.

Сапар барысында аудан басшысы жеке кәсіпкер Г.Жолшараеваның «Тойхана салу» жобасымен танысты. Кәсіпкер құны 50 млн теңгені құрайтын бұл жобаның 42 млн теңгесі өз қаражаты есебінен, 8 млн теңгеге «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы қаржыландыру үшін өтінім ұсынғанын айтты. Өз кезегінде аудан басшысы электр желісі, су жүйесі колжетімді екенін және нысанды көгілдір отынға қосу үшін жұмыс жасау керегінде атап өтті. Тойхана сыйымдылығы 200 адамға арналған.

Сазды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында аудан басшысы Серік Сағитжанұлы өңірдегі оң өзгерістерді айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ең алдымен аудан басшысы жоба құны 918,5 млн. теңге болатын өткен жылы басталған «Сазды елдімекеніне кірберіс» автожолына асфальт төсеу жұмыстарының өз жалғасын тауып, бүгінде жолдың 17 шақырымына қиыршық тас, 5,5 шақырымына асфальт жабындысы төселініп жатқанын айтты. Мердігері – «Арал құрылысы» ЖШС-гі. Ауыл тұрғындары бұл жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына қуанышты екендіктерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Аудан әкімі мердігер мекемеге жолдың сапалы әрі барлық талапқа сай жасалуын қатаң түрде ескертіп, маусым айының аяғына дейін 10 шақырым жолды толық игеруді тапсырды. Жауапты сала басшыларына жол құрылысы жұмыстарының аяқталысымен аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Мұнымен бірге, су мәселесі де – күн тәртібіндегі бірінші мәселе екендігін, бүгінде елдімекенге тұщытатын қоршауланған ауыз су жүйесіне қосу үшін жұмыстар жасалып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл ішіне «Тағзым» алаңын салу үшін ауылдық округ бюджетінен қаржы қаралып, биылғы жылдың маусым айында басталатындығын да атап өтті. Кездесу соңында ауыл ақсақалдары аталған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: