Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Анаңды барында қадірле…

20.02.2022, 10:00 386

HALYQLINE.KZ

Сен 1 жаста кезіңде, ол саған бесік жырын айтып, жұбатты. Ал сен тоқтамай жыладың.

Сен 2 жаста кезіңде, ол сені шақырды. Ал сен қаштың.

Сен 3 жаста кезіңде, ол дәмді тамақтар пісірді, Ал сен тамақты төгіп, жегің келмеді.

Сен 4 жаста кезіңде, ол саған жазуды үйретіп, қолыңа қалам берді. Ал сен қабырғаларды сызып тастадың.

Сен 5 жаста кезіңде, ол саған таза киім кигізді. Ал сен оны былғадың.

Сен 6 жаста кезіңде, ол сені мектепке ертіп барды. Ал сен бармаймын деп қиғылық салатын едің.

Сен 15 жаста кезіңде, ол сені уайымдап, түні бойы күтетін. Ал сен онымен ұрыстың.

Сен 25 жаста кезіңде, ол сенің үйленуіңе көмектесті. Ал сен әйеліңе ілесіп, үйден аулақ кеттің.

Сен 35 жаста кезіңде, ол саған ақылды кеңестер берді. Ал сен «Өміріме араласпа!» дедің.

Сен 40 жаста кезіңде ол науқас болып қалды. Ал сен оны масыл көрдің.

Анаңды барында қадірле…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: