Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жас құтқарушы» клубы: қауіпсіз болашаққа бағыт

14.05.2025, 9:25 75

HALYQLINE.KZ

Жаз мезгілінің келуімен елімізде суға шомылу маусымы басталады. Бұл кезеңде халықтың су айдындарында демалуы жиілеп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару қажет болады. Осыған байланысты тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Су айдындарындағы қауіпсіздікті қатаңдату мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан Қызылорда облысы аумағында «Жас құтқарушы» клубы құрылған болатын. Аталған клубтың жұмыстарын және өзге де қауіпсіздік шараларын облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев мәлімдеді.

– Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 201 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 225 ерікті жұмылдырылды. Онлайн режимде облыстың 31 548 оқушысына жалпы «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша интерактивтік сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ата-аналарына «WhatsApp» желісіндегі топтар арқылы балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша бейнероликтер мен жадынамалар жариялануда. «Жас құтқарушы» клубы туралы айта кетсек, Департаментпен және облыстық білім басқармасының арасында 2025 жылғы оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубының жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Атап айтар болсақ, 2024-25 жылдары облыс бойынша 187 «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылып, 1753 бала қатысты. Сәуір айында «Жас құтқарушы» клубтарының арасында Қызылорда қаласы және аудандарда слеттер өткізілді. 16 мамырда облыстық деңгейде іріктелген командалар арасында сайыс өтеді. Содан үздік шыққан команда Көкшетау қаласында өтетін негізгі сайысқа жолдама алады, – деді Ғафур Әлиұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: