Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жандарбеков жол жөндеу жұмыстарын бақылады

05.06.2026, 17:35 64

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшыларымен бірге аудан аумағында жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен бақылады, деп жазады баспасөз қызметі.

Алдымен аудан басшысы Жуантөбе ауылдық округіндегі Абай Құнанбаев көшесі, Абай тұйығы, Достық және Ш.Ділдебаев көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын бақылауға алды. Аталған жобаның мердігер мекемесі – «Орда Автодор» ЖШС.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік жасалып, көлік қозғалысының сапасы айтарлықтай жақсарады.

Бұдан кейін аудан әкімі «Самара – Шымкент – Еңбекші» бағытындағы автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жол аудан тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы желілерінің бірі саналады. Қазіргі уақытта жолдың 4,3 шақырым бөлігі «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның демеушілігімен жөнделуде. Жоба аясында жол төсемін толық жаңарту, сапалы асфальт-бетон жабынын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары. Аталған жоба «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «KAP Logistics» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылып, нәтижесінде 13 шақырым жол толық жөндеуден өткізілді.

Жалпы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мұндай жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартуға ықпал етуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: