HALYQLINE.KZ Жалғыздықты қиындық ретінде қабылдасаңыздар қателесесіздер. Өйткені, жалғыздықтың адамға берері де бар.
Жалғыз адамдардың қарым-қатынас жасауы жоғары. Егер ғашығыңыз жоқ болса, мойымаңыз. “Жалғызбын” деген ойдан да арылыңыз. Ондай адам әдетте достары мен таныстарына ылғи қол ұшын созып, қиындықта көмек сұрайды. Олармен үздіксіз қарым-қатынас орнатады.
Жалғыз адамдар спортпен жиі шұғылданады. Статистикаға сүйенсек, жалғыздық дертіне шалдыққан адамдардың көп бөлігі спортпен шұғылданады. Олар осылайша уақытын көп адамның ортасында өткізуге тырысады.
Жалғыз адамдар өзін дамытуға уақыт арнайды. АҚШ-та жүргізілген сауалнама нәтижесінде үйленбеген, тұрмыс құрмаған адамдар өзіне жиі көңіл бөлетіні анықталған. Олар тіл меңгеру, би билеу секілді сүйікті істерімен еркін айналыса алады. Олар жаңа әсерлер мен тәжірибеден қашпайды.
Жалғыздардың жеке уақыты көп. Жеке уақыт өткізу ойлану, шешім қабылдау, уақытыңызды саралау секілді істерде өте пайдалы екенін білеміз.
Жалғыздық – ойды ретке келтіру. Әбден адасып жүрсеңіз, жүрегіңіздің үніне құлақ түріңіз. Ал, жүректің үнін тек жалғыздықтың көмегі арқылы естуге болады. Бірақ, мұның бәрі уақытша. Жалғыздыққа бойыңызды үйретіп алмаңыз.
“Массагет.кz” сайтынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!