Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұтынушылардың шағымы артып барады

08.11.2023, 9:30 131

HALYQLINE.KZ

Жыл сайын тұтынушылардың өтініштерінің саны өсуі байқалуда. Егер 2020 жылы уәкілетті органға 21 мың өтініш түссе, 2022 жылы тұтынушылардан келіп түскен шағымдарының саны 30,2 мың өтінішке дейін ұлғайды.

Осыған байланысты, азаматтардың келіп түскен өтініштерін талдау мен мониторинг нәтижелерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының пікірлері мен ұсыныстарын және әлеуметтік зерттеу көрсеткіштерін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі ең алдымен жосықсыз бизнеспен жұмыс істеудің алдын алуға бағытталған заң жобаларын әзірледі.

Халықаралық тәжірибе мен барлық мүдделі тұлғалардың, атап айтқанда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен бизнес қауымдастықтардың ұсыныстары ескерілді.

Қолданыстағы Заң салалық заңдармен реттелген қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қолданылмайды. Кейіннен тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып әлеуметтік тәуекелдер туындайды. Бұл ретте адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің өзге де салаларында қолдану ұсынылады. Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруді күшейту ұсынылады.

Сонымен қатар, құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады. Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10%-дан 50%-на дейін құрайды.

Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері жоғарыда көрсетілгендей болады.Оң жақтары:

1) кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кезеңде бұзушылықтарды өз еркімен жоюға ынталандыру (қағида: мұнда және қазір);

2) клиенттің қажеттіліктеріне бағдарлану;

3) қоғамдық мониторингті дамытуға және өркениеттік нарықтық экономиканы құруға ынталандыру.

Осыған ұқсас оң тәжірибе біз келісілген саясат құратын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қолданылады.

Келесі онлайн саудаға қатысты тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны артуда.Осыны ескере отырып, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылады.Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін ӘҚБтК 193-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңнамалық негізін жетілдірудің мақсаты қоғамның барлық деңгейлеріне енетінін және азаматтардың әл-ауқаты мен елдің әлеуметтік экономикалық тұрақтылығын көрсететінін өмір сүру сапасын арттыру болып табылатынын атап өтеміз.

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: