Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төребай би ауылын газдандыру қарқын алды

18.06.2026, 16:25 66

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде Төребай би ауылының тұрғындарымен кездесіп, газ желісін тарту жұмыстарының барысымен танысты.

Осы уақытта құбыр мен ішкі тарату желілері жүргізілуде. «Asia Story KZ» және «Grand Structure Engineering» серіктестіктері қолға алған жобаға 479,5 млн теңге бөлінген.

Ауылдарға «көгілдір отын» жеткізу Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған бас схемасына, Қызылорда облысын газдандырудың 2023-2027 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарына сүйеніп атқарылуда.

Өткен жылдың қорытындысымен өңірді газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Бүгінде 4 қала және 56 елді мекен табиғи газға қосылған.

Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2-еуі – өтпелі, 12-сі – жаңа жоба, 10 елді мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша газдандырылған елді мекен саны 66-ға, газбен қамту 85 пайызға дейін артады.

Газдандыруды одан әрі жалғастыру үшін 15 млрд теңгенің 9 жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қолдау тапқан соң қосымша 11 ауылды табиғи газға қосу жоспарланған.

Бұдан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасымен Жаңақорған ауданындағы 6 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: