Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде жәрмеңке өтті

05.08.2022, 16:15 133

HALYQLINE.KZ Бүгін Шиеліде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ (Өңірлік тұрақтандыру қоры) тарапынан және аудан кәсіпкерлерінің тарапынан барлығы 15 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағада саудаланды.

Атап айтқанда, 1 тоннадан астам ақталған күріш, 1 тонна картоп, 5 тонна 1 сортты ұн, 0,5 тонна қарақұмық жармасы, 2 тонна қант, 1,2 тонна күбағыс майы, 7200 дана жұмыртқа, 1 тонна ет пен 200 кг шұжық, 0,5 тонна балық, 400 литр шұбат, Иіркөл ауылдық округіне 1 тонна қызанақ, Бәйтерек ауылдық округінен 300 кг қызанақ пен 1 тонна қауын тұрғындарға ұсынылды.

Қант 444 теңге, күріштің келісі 175 теңге, құрақұмық жармасы 514 теңге, күнбағыс майы 630 теңге болса, жұмыртқа 29 теңгеден сатылды.

Ет 1700 теңгеден болса, балық 500 бен 1200 теңге аралығында. Шұжық өнімдері 1500 теңгеден басталса, бірінші сорт ұнның келісі 135 теңгеден, картоп 130 теңгеден сатылды. Шұбат 950-1000 теңгеден, қызанақ 50-70 теңгеден, ал қауынның келісі 50 теңгеден саудаланып, жәрмеңкеге келушілер ерекше ризашылығын, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: