Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сенім» кәсіподағы Бурабайға жолдама берді

28.08.2020, 9:45 448

HALYQLINE.KZ Кеше облыстық психикалық денсаулық орталығында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы коронавирус індетімен күресіп, күресу барысында індетті өздеріне жұқтырып, коронавирустық, пневмониялық инфекциясымен ауырып, айығып шыққан 100 медицина қызметкеріне Ақмола облысы «Бурабай» ауданында орналасқан «Шучинск» демалыс орнына 100 пайыз тегін жолдама табыстады.

Жолдаманың құны барлығы 7 500 000 теңгені құрайды.

Халықтың денсаулығының жақсаруы жолында аянбай еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тамыз-қыркүйек айлары аралығында 10 күн бойы шипажайда демалатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар «Senim» кәсіподағы тарапынан жалғасын таба бермек.

Облыс көлемінде «Коронавирус» індетіне қарсы күресте бей-жай қарамай, облыс көлеміндегі медициналық ұйымдармен етене іс-шаралар атқарып, бірлесе жұмыс атқаруда.

Індетке қарсы күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге көмек көрсетіп, сәлде болса тұрмыстық жағдайын көтеріп, қуаныш сыйлау мақсатында облыс көлеміндегі емдеу алдын алу мекемелерінде жұмыс істейтін, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және төрайымдарымен бірігіп 4 370,0 мың теңгеге барлығы 250 отбасына азық түлік өнімдерімен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 370,0 мың теңгеге 185 дана төсек жиынтығы сатып алынып табысталды және Облыстық жедел жәрдем станциясына 200,0 мың теңгеге, 2000 дана бет пердесі (маска) тігуге жабдықтары сатып алынып берілді.

Сонымен қатар, 1 200,0 мың теңгеге 20 дана облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің қажеттілігіне орай, адам денесінің температурасын өлшейтін (Бесконтактный термометр) сатып алынды.

19 маусым күні медицина қызметкерлер күніне облыс көлемінде «Коронавирус» індетіне қарсы күресте еңбек еткен қызметкерлерге «SENIM»Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дюсеновтың (5) бес дәрігерге 100,0 мың теңгеден 500,0 мың теңге және филиал есебінен (30) отыз дәрігерге 50 000 теңгеден 1 500,0 мың теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: