Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарбұлақта сеть тартатын күн жақын

01.10.2020, 9:50 313 0

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының Қызылқұм беткейінде Сарбұлақ деген елді мекен бар. Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдың халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Шалғайдағы сарбұлақтықтар көптен бері ауылға ұялы байланыс желісін тарту жөнінде мәселе көтеріп жүрген болатын. Бұл мәселенің де шешімі табылды. Енді Сарбұлақ ауылының тұрғындары жыл аяғына дейін заманның озық техникасы саналатын ұялы телефонды пайдаланып, «Activ» нөмір ұстайтын күн алыс емес.

Бұл жөнінде Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындарымен кездескенде айтып берді. Аудан басшысы одан бөлек ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен де таныстырды. Ауылдағы №78 мектепте өткен кездесуде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

Сарбұлақ ауылына сапар барысында Мұрат Нәлхожаұлы Қуаңдария арнасына салынған су тоспасының (шлюздің) жөндеу жұмыстарымен танысты.

Өткен жылы Сарбұлақ елді мекенін аяқ сумен, ауыл төңірегіндегі егістік пен мал жайылым шабындықтарын суландыру мақсатында салынған су тоспасының екі жағындағы бетон қалқандары судың ағысы және жердің құмшауыт болуынан құлап қалған болатын. Қазіргі таңда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы арқылы су тоспасын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Бас мердігер «Сыр маржаны» ЖШС құрылыс жұмыстарының 80 пайызын орындаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: