Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылжармалықтардың күні №21 автобусқа қана қарап отыр

19.11.2021, 16:50 745

HALYQLINE.KZ

Халықтан  «Халыққа»  хат

Біз тұратын Қызылжарма ауыл округіне №21 бағыттағы автобус қана жолаушы тасымалдайды. Кеш болса қала мектептерінен оқушылар тиеліп мінеді. Ал базардан отыратын жолаушылар автобусқа сыймай аялдамада қалады. 4 қазан күні кешке «газ таусылды» деп «Береке» дүкенінен бұрылып, жолаушыларды түсіріп тастады. Содан бірнеше таксиге бөлініп отырған жұрт қараңғы көшеде тұрып қалдық. Таксистер «Комсомолға бармаймыз» деп бас тартып жатты.

Міне, қыс айында, көше лайсаңда базарда автобус күткен қызылжармалықтар үйіне қалай жетеді? №21 бағыттағы автобусты Гагарин, «Бастаудың» үстімен жүргізіп, Титов қыстағына бармайтын ету керек. Өйткені Титов қыстағына №8, 15 маршрут жүреді. Ал Қызылжармаға №21-ден басқан ешқандай автобус келмейді. Титов қыстағының бар тұрғыны осы №21 автобусқа тиеліп мінеді. Сол үшін Қызылжармаға тура баратын автобус шығаруға, немесе қала орталығына қатынап оқитын балаларға бөлек көлік бөлуге болмас па екен? Өйткені жас балалардың кеудесі қысылып, жылап тұрғанын күнде көріп отырмыз. Облыс, қала әкімшілігі бір амалын тапса дейміз.

Нағима  МҰЗАРАПҚЫЗЫ,

Қызылорда  қаласы

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: